Елордада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы қорытындыланып, спорт, мәдениет, қоғам, медицина, ғылым мен білім, бизнес салаларындағы үздіктер анықталды. Мұндағы басты мақсат – тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын ілгерілету болып табылады.

Қорытынды шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Үш кезеңді қамтыған жобаның алғашқы кезеңінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарына енуге ниет білдірген қазақстандық 1673 азаматтың анкетасы қабылданды. Келесі кезең шарты бойынша 5-25 қараша аралығында жобаның 100janaesim.ruh.kz ресми сайтында жалпыхалықтық дауыс беру жүргізілді. Онда отандастарымыз тарапынан барлығы 700 мыңнан астам дауыс жиналыпты.
Ал 28 қарашада құрамына Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, «Технодом» компаниясының негізін қалаушы Эдуард Ким, «Kaspi.kz» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров пен Серік Сәпиев, «BTS» білім бағытындағы компанияның жетекшісі Саясат Нұрбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының жетекшісі Рахым Ошақбаев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов, кәсіпкер, жазушы Қуаныш Шонбай, музыкант, Димаш Құдайбергеннің продюсері Қанат Айтбаев енген қазылар алқасының отырысы өтті. Нәтижесінде, жүзден жүйрік танылған 32 жеңімпаздың есімі жаңғырды. Оның 25-і онлайн дауыс беруде ең көп дауыс жинағандар болса, 7-еуін қазылар құрамы ұсыныпты.
Олардың қатарында мәдениет саласында Алматы облысынан Әлібек Нұрбек, Нұр-Сұлтан қаласынан Қанат Нұртазин мен Дина Байтасова, Павлодар облысынан Иманбек Зейкенов, Шығыс Қазақстан облысынан Ольга Чавкина; қоғам саласында Алматы қаласынан Әсел Баймұқанова, Нұр-Сұлтан қаласынан Шынар Болсамбекова, Асхат Садуов, Нұргүл Олжекова, Әсел Жанасова, Эльнара Байназарова, Шымкент қаласынан Алдияр Жұмаханов, Түркістан облысынан Айжан Жүзбай, Шығыс Қазақстан облысынан Қуандық Қанатов пен Ержан Омарханов, Алматы облысынан Елдар Сапаров; ғылым және білім саласында Ақмола облысынан Назгүл Жакенова, Қостанай облысынан Максим Рюмин, Жамбыл облысынан Шәкәрім Сейсенбай, Алматы қаласынан Дана Шаяхмет; медицина саласында Қызылорда облысынан Сәулет Қалдашов, Алматы қаласынан Бауыржан Рақышев; спорт саласында Қостанай облысынан Рүстем Ерғали, Қарағанды облысынан Абылайхан Жүсіпов, Иван Снегуров, Қостанай облысынан Малика Мұхтарова, Маңғыстау облысынан Ильдар Ягьяев; бизнес саласында Батыс Қазақстан облысынан Әсел Аяпова, Алматы облысынан Әйгерім Берекешева, Алматы қаласынан Рүстем Ермекбай, Азат Сембинов, Қостанай облысынан Динара Шукижанова бар.
– Еліміздегі ең жас мектеп директорымын. Мектеп ұжымында 213 азамат қызмет етіп, 2 700 оқушы білім алады. Ұстаздық қызметтегі мақсатым – мемлекетіміздің білім саласын брендке айналдырып, әлемдік бәсекедегі мәртебесін одан әрі арттыру. Қазіргі таңда өкінішке қарай, беделді жоғары оқу орындарын тәмамдаған білімді азаматтардың арасында мектепке барып, ұстаз болып білім беру – үрдіске айналмаған. Ал біздің негізгі байлығымыз – жер астындағы алтын емес, мұнай емес, халқымыздың ұшан-теңіз білімі. Сол себептен бізге мықты ұстаздар қажет. Себебі ханның да, қараның да өмірлік ұстаздары болған, – деді жоба жеңімпазы, Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Сейсенбай.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар