Қазақстанның мұнай-газ кешені жедел қарқынмен дами отырып, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің мығым іргетасына айналды. Ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – жемісті еңбек үдерісінен танылған отандық кәсіпорын. Компания межеленген жоспарды артығымен орындап келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында да мұнайшылардың еселі еңбегі биік деңгейден көрінді.
Қазақстанның мұнай-газ кешені жедел қарқынмен дами отырып, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің мығым іргетасына айналды. Ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – жемісті еңбек үдерісінен танылған отандық кәсіпорын. Компания межеленген жоспарды артығымен орындап келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында да мұнайшылардың еселі еңбегі биік деңгейден көрінді.
Елдегі ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша айтарлықтай өссе, ішкі өнімдегі мұнай-газ саласының салмағы да артып отыр. Нақты сандарға жүгінер болсақ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL», «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерін есепке алғанда, осы жылдың алғашқы алты айындағы шоғырландырылған өндіру көлемі 6 092 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегіден 1%-ға артық көрсеткіш.
Компанияның негізгі активтері Өзен және Ембі кеніштері мұнайшыларының да биылғы жылдың алғашқы жартысын нәтижелі еңбекпен қорытындылап отырғанын көруге болады.
Мәселен, «Өзенмұнайгаз» АҚ жарты жылда 2 539 мың тонна өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық. Ал, «Ембімұнайгаз» АҚ 1 401 мың тонна өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға еселеніп отыр. Мұның бір себебін соңғы кездері тың технологиялардың өндіріске енгізілуінен деп айтуға болады.
Өндіру көлемінің өсуі өндіріс нысандарындағы ұңғылар санын арттырумен де байланысты. Мәселен, жыл басынан бері ұңғылар санын 3 006-дан 3 194 ұңғыға дейін ұлғайтуға жағдай жасалды, соған сәйкес, жүргізілген іс-шаралардың тиімділігінің, оның ішінде жаңа ұңғыларды бұрғылау, ұңғыларды күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды ұлғайтудың нәтижесінде өндіру көлемі арттырылды.
Әрине, кеніштердегі кен өндіру барысы үнемі қадағаланып, меже биігінен көріну үшін мұнайшылардың төккен тері өзін ақтап отыр деуге әбден болады. Бүгінгі күні тәуліктік өндіру бағыты компания жоспарына толықтай сәйкес келіп отыр. Биылғы жылға арналып қабылданған 8 152 мың тонна деңгейіндегі өндіру жоспарын компания өз деңгейінде орындайды деген сенім бар.
– 2013 жылдың алғашқы алты айының нәтижелері ҚМГ БӨ-нің жақсы қарқын алып, ағымдағы жылға қойылған жоспарларды табысты іске асырып отырғанын көрсетеді. Біз Қазақстандағы жетекші мұнай-газ компанияларының бірі болу жолындағы бағытымызды нығайту үшін қуаттылығымызды жоспарлы түрде дамытып келеміз. Біздің негізгі міндеттеріміз – бұл шоғырландырылған өндіру көлемін ұлғайту, геологиялық барлау жұмыстары және жаңа активтерді сатып алу арқылы көмірсутегі қорын арттыру және толықтыру, сондай-ақ, негізгі кен орындарында өндірісті оңтайландыру болып табылады, – дейді осы орайда ҚМГ БӨ бас директоры Абат Нұрсейітов.
Өндірісті оңтайландыру мәселесіне келсек, компанияның Жаңғырту бағдарламасына сай, 2013 жылдың бірінші жарты жылында «Өзенмұнайгаз» АҚ-да диагностикалау және жерасты жабдықтарын жөндеу цехы қолданысқа енгізілді және ұңғ ыларды бастыру үшін сұйықтық дайындау жөніндегі цехтың құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, «Ембімұнайгаз» АҚ-да газды кәдеге жаратуға арналған жабдықтың құрылысы аяқталып отыр.
Диагностикалау және жерасты жабдықтарын жөндеу цехының қуаттылығы жылына 400 мың дана сораптық-компрессорлық құбырды, 300 мың дана сораптық штанганы және 10 мың дана тереңдік сорапты жөндеуге жеткілікті. Бұл өте ауқымды жұмыс. Соған орай, компания жаңа цех жерасты жабдығын жөндеу сапасын жақсартады және сәйкесінше оның пайдалану мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп сенеді.
Жөндеу сапасының жақсаруы және тиісінше, оның пайдалану мерзімінің ұлғаюы жаңа жерасты жабдықтарын сатып алуды төмендетуге, ұңғылардың жөндеуаралық мерзімін ұлғайтуға және жиі жөндеу жүргізілумен байланысты ұңғылардың тоқтап тұру уақыттарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, цех жұмысының нәтижесінде кәсіпорынның өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік деңгейі нығаяды. Ол жұмысшылардың еңбек жағдайы да жақсарып, еңбек өнімділігінің еселенуіне мүмкіндік беретіні анық.
Ал, «Ембімұнайгаз» АҚ-ға қарасты Шығыс Мақат кен орнының ілеспе газын кәдеге жаратуға арналған жылына 40 млн. текше метр жобалық қуаттылығы бар жабдық экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкес тазартылмаған газды жағуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Қайта өңделген газдың бір бөлігі өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Қалған бөлігі субсидиялық бағамен ішкі нарыққа сатылатын болады.
Компания геологиялық барлау жұмыстарын да үнемі назарда ұстап отыр. Осы жұмыстар нәтижесінде, үстіміздегі жылдың наурызында Федоров блогында бұрғыланған тұзасты ұңғысын тестілеу кезінде газ ағыны және конденсат алынды. Сонымен қатар, компания Новобогат кен орны карнизүсті Лиман блогында сынама пайдалануды 2013 жылдың соңына дейін бастауды жоспарлауда. Сынама пайдаланудың бірінші және екінші жылында сәйкесінше 13 мың және 19 мыңға жуық тонна мұнай алынады деп күтіледі. Яғни бұл кеніштердің екінші тынысы ашылатынын білдіреді. Бұны да ел экономикасының даму деңгейін еселеп отырған компанияның ауқымды жетістіктерінің бірі деп бағалаған абзал.
Марат АҚҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан».