Атап айтқанда, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының II бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 505 000 теңгелік грантты – 2093 жас иеленді. Оның жалпы көлемі1 млрд теңгеден асты. Бұдан бөлек, облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламаларды насихаттау, шалғай ауылдардағы жастарға мемлекеттік әлеуметтік көмек шараларын түсіндіру, грант, несие алу жолдарымен таныстыру үшін аудандарда облыстық мобильді топ құрылды. Нәтижесінде 8 600-ден астам жасқа мобильді қызмет түрлері көрсетілді.
«Жасыл ел» жобасы бойынша 2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін 1275 жас жұмыспен қамтылды. Олардың жалақылары 75 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2019 жылы 1695 жас маман жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 913 маманды құраған. Облыс басшылығының қолдауымен 356 жас маман баспаналы болды. Жыл қорытындысымен облыстық мәслихатпен бірлесе «Дипломмен ауылға» форумы өткізіліп, белсенді жастар марапатталды.
Насихаттау жұмыстарының жүйелі жүруінің арқасында түрлі роликтер мен челленждер түсіріліп, «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысушылар саны артып, 6635 жас 6 айлық жұмыспен қамтылды. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарына студент жастар тартылды. Осы орайда, Түркістан қаласындағы 10 құрылыс компаниясымен келісім-шарт жасалып, нәтижесінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 1000-ға жуық студенттері 2 ай бойы қаламыздың құрылысына қатысып, гүлденуіне үлес қосты.
Сондай-ақ облыс әкімдігі тарапынан жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған «TURKISTAN – JASTAR QALASY» жобасы ұйымдастырылып, республика бойынша ең ауқымды, сәтті жоба деген баға берілді. Шараға 30 мыңнан астам жастар қатысты. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында ұлттық ойындар, стрит бол, стрит уорк аут, стрит дэнске арналған 4 жаңа жастар алаңшалары салынды.
Түркістан қаласындағы туризм, инфрақұрылымды дамыту бағытында «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесіп, жас кәсіпкерлердің бизнес жобаларын қолдау бағытында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жүзеге асты. Нәтижесінде жастардан несие алуға – 50 жоба ұсынылып, 35 жоба 1 пайыздық несиемен қаржыландырылды. Оның жалпы көлемі 70 млн теңге құрады. Бүгінгі күні облыс орталығындағы туризм, ресторан ісі, инфрақұрылымды дамыту бағытында жас кәсіпкерлердің «Ернұр» хостел, «Рейс» студиясы, «Сити» ферма, «YassCoffe, Yass Burger» жобалары сәтті жүзеге асуда.
Атап өтейік, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы жастар жылын қорытындылау мақсатында «Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдырудағы жастардың рөлі» атты «Таун Холл» форматындашарасын өткізіп, жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша презентация ұйымдастырды.