Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;
Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;
Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.