Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы генерал-майор А.Рыспаевтың бастамасымен университетте «Елбасы Н.Ә.Назарбаев отандық тарих ғылымы алдына қойған «Халық тарих толқынында» атты Мемлекеттік бағдарлама міндеттерін іске асыру. Әскери-тарихи білім мен әскери-тарихи ғылымның қазіргі жағдайы және даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Айтулы іс-шараға әскери тарих зерттеу және геральдика бөлімінің басшысы подполковник Қ.Бейсенов модераторлық етті. Дөңгелек үстелге Ғылыми орталықтың жетекші ғалым докторлары, тарих ғылымдарының кандидаттары, профессорлар, доценттер, ғылыми қызметкерлер, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Тарихи маңызға ие игі іс-шара барысында Ұлттық қорғаныс университетінің ғалым хатшысы, докторантура профессоры, тарих ғылымдарының докторы, әскери ғылымдар профессоры С.Мұхамеджанова «Ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы әскери-тарихи білім. Әскери-тарихи білімнің қазіргі жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында, докторантура профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Ділманов «Әскери-тарихи ғылымның дамуындағы деректеметану және тарихнама проблемалары» тақырыбында, Ғылыми орталықтың 2-басқарма бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, доцент Т.Мұхамадеев «Қазақстанның әскери-тарихи ғылымының қазіргі жай-күйі: проблемалары және ықтимал шешу жолдары» тақырыбында баяндамалар жасап, өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.
Тартымды өткен маңызды іс-шара қорытындысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев отандық тарих ғылымы алдына қойған «Халық тарих толқынында» атты Мемлекеттік бағдарлама міндеттерін іске асыру бойынша Ұлттық қорғаныс университетінің жоспары талқыланып, бекітілуге әзірленді.
Марат ТУРАБАЕВ,
Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері.