Қай қайсымыз да өз жолымызды, өмірлік ісімізді іздеп жүріп, оның мағынасы неде, оған қалай жетуге болады деп ойланып-толғанамыз. Мұндайда қиынның қиыны – «мен өзі нені қалаймын?» деген сұраққа жауап беру мен өмірлік ісің болатын нақты бір бағытты анықтау алдыңнан көлденеңдеп шыға келеді.
Қай қайсымыз да өз жолымызды, өмірлік ісімізді іздеп жүріп, оның мағынасы неде, оған қалай жетуге болады деп ойланып-толғанамыз. Мұндайда қиынның қиыны – «мен өзі нені қалаймын?» деген сұраққа жауап беру мен өмірлік ісің болатын нақты бір бағытты анықтау алдыңнан көлденеңдеп шыға келеді.
Иә, бұл орайда халық арасында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөз бар. Яғни, бала ержеткенде қоғамда еш қиындықсыз орнын, сүйікті ісін тауып, мұратына жетуі үшін оның табиғи қабілетін сәби кезінен-ақ дамыту өте маңызды. Өйткені, көптеген жағдайда ата-аналар балаларынан бір кезде өздері армандап жете алмаған мамандықтарды таңдауды талап етіп жатады.
Алайда, бүгінде біз өз балаларымыздың келешекте алатын білімі мен кәсібі туралы күні бұрын қам жеп, асқақ армандарының орындалуына жағдай жасай аламыз. Бұған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен әзірленіп, 2013 жылдың маусым айынан бастап іске қосылған Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мүмкіндік береді. Жаңа салымдар жүйесі қаражат жинақтау арқылы оқудың ақысын төлеудің тағы бір амалын ұсынады әрі мемлекеттік гранттармен және білім беру кредиттерімен қатар жұмыс істейді.
Жастар әрқашан тегін білім алуға үміткер бола алады, бірақ ол үшін ҰБТ шеңберінде қатаң іріктеуден өтіп, өзінің ерекше білімін дәлелдеуі қажет. Тәжірибенің өзі үлгерімі жоғары түлектердің барлығы бірдей грантқа түсе бермейтінін көрсетуде.
Жаңа депозиттер жүйесі ата-аналарға балалары білім беру грантына ие бола алмаған жағдайда сақтандыруға мүмкіндік ұсынады. Шотта қажетті қаражатың болса, қалаған жоғары оқу орнын және мамандықты таңдауға әбден болады.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істейді. Салымшы қалаған банкін таңдай алады, яғни ол ұсынатын шарттары өзі үшін ең оңтайлы деген банкті таңдауға құқылы.
Қазіргі таңда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінде әзірше бір ғана банк – «Темірбанк» АҚ жұмыс істейді. Аталмыш банк 2013 жылы 17 маусымда алғашқы салымшысын тіркеді. Ол астананың қарапайым тұрғыны, 15, 10 және 2 жастағы үш ұлдың әкесі. Жақын болашақта басқа банктерді де жүйеге қосу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының кез келген азаматы жас ерекшелігіне қарамастан салымшы бола алады. Ол банкпен жинақтау салымы туралы шарт жасасып, шот ашады. Шарт баланың атына жасалады, бірақ ол салымды иелік ете алатын жасқа дейін оның мүддесін баланың ата-анасы не басқа да заңды өкілдері ұсынады. Салым ашылатын жағдайда ең аз бастапқы жарна ретінде 3 айлық есептілік көрсеткіш (5 200 теңгеге) мөлшерінде ақша енгізу жеткілікті.
Банктік салым шартында банктің сыйақы мөлшерлемесі белгіленеді. Оны әр банк өз бетінше жеке тағайындайды. Мәселен, «Темірбанк» АҚ сыйақы мөлшерлемесін 8% көлемінде белгіледі. Ал, мемлекет сыйлықақысының мөлшері – 5%, белгілі бір басымдықты санаттағылар үшін 7%. Мұндай санатқа жетім балалар, көп балалы отбасындағы балалар және аз қамсыздандырылған отбасындағы балалар, мүгедектер сияқты әлеуметтік жағынан осал азаматтар жатады.
Бұл жинақталған қаражат білім алуға ғана жұмсалуы мүмкін және басқа ешқандай мақсатта пайдаланылмайды әрі кейбір жағдайларды санамағанда салымшының қолына берілмейді. Егер салымшы грантқа оқуға түссе не денсаулығына байланысты оқуын жалғастыра алмайтын болса немесе сот оны әрекетке қабілетсіз деп таныса, сондай-ақ, салымшы қайтыс болса, салымдағы жинақталған қаражат банк сыйақысы және мемлекет сыйлықақысымен бірге салымшыға не оның заңды өкіліне, мұрагерлеріне беріледі.
Салымдағы қаражат мерзімінен бұрын алынса не нысаналы мақсатта пайдаланылмаса, мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады, яғни салымшы жинақталған ақшасын банк сыйақысымен бірге алады, бірақ мемлекет сыйлықақысы сақталмайды. Жинақталған қ