Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019

Азаматтық бастамаларға – қомақты қолдау

14 рет көрсетілді

Елордада Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының осы жылы атқарған жұмысы қорытындыланды.

Алқалы жиынға мемлекеттік орган­дардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, грант алушылар мен жобалардың бенефициарлары қатысты. Азаматтық бастамаларды қолдау орта­лығы – үкіметтік емес ұйымдарды грантпен қаржыландыру операторы саналады. Бұл орталық мемлекеттік гранттарды азаматтық қоғам институттарының мүмкіндігін әлеуметтік саланың даму мәселелерін шешуге тарту мақсатында ұсынады.

– Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігі үкіметтік емес секторды қол­дауға үнемі дайын. Қолдау ретінде мемле­кеттік-әлеуметтік тапсырысты немесе грант­тық қаржыландыруды айтуға болады. Биыл Жастар жылы аясындағы жоба­ларға мән берілсе, алдағы Волонтер жылы аясында да ауқымды жұмыс атқарыларына сенімдімін. 2020 жыл әр қазақстандық азаматтан бастап, жекелеген ұйымдардың да санасын жаңғырту жылы болмақ. Сондықтан үкіметтік емес сектордың да белсенділік танытқаны маңызды. Ең бастысы өзара сыйластық пен жауапкершілікті сезіне білу қажет,  – деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин.

Азаматтық бастамаларды қолдау орта­лығының биылғы жұмыс қорытын­дысын тыңдауға 40-тан астам үкіметтік емес ұйымның өкілдері ат басын бұрды. Айта кетейік, осы жылы 130-дан астам әлеуметтік жоба ұсынылып, соның 128-і қолдау тапты. Осы бастамаларды қаржыландыру сомасы 3,4 млрд теңгені құрады. Жастар жылы аясында ұсынылған 57 жоба жүзеге асты.

– Жобалар жүзеге асқанымен, осы жыл аса жауапкершілікті қажет етті. Жауапкершілік жүгі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына ғана емес, үкіметтік емес ұйымдарға да түскенін алға тартар едім. Қиындықтар жобалар конкурсын өткізу, бюджет қаражатын игеру және есеп беру кезінде орын алғанын алға тартуға болады. Атал­ған орталықты трансформациялау қажет­тілігіне қатысты үкіметтік емес ұйым­дар тарапынан келіп түскен барлық ұсы­ныс-тілектер назарға алынды. Соны­мен қатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында пайда болған қандай да бір мәселелерге қатысты жедел шешім қабылдай білдік, – деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Батима Мукина.

Б.Мукинаның айтуынша, осы жылы аза­маттық бастамалардың басым бағыт­тарын, жұмысын, жүйесін айқындайтын бірқатар реттеуші құжат қабылданды. Сон­дықтан биылғы оң бастамалар алда­ғы жылдарда да лайықты жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:50

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Үкімет • Бүгін, 11:31

Тәуелсіздік тұлғалары

Елорда • Бүгін, 09:16

Аида – әлем чемпионы!

Спорт • Бүгін, 09:14

Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті

Коронавирус • Бүгін, 09:09

«Ақ бидай» ойындары аяқталды

Ұлттық спорт • Бүгін, 09:03

Жастар жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Сенім арт маған, туған ел!

Аймақтар • Бүгін, 08:54

Сақтанған сау қалады

Медицина • Бүгін, 08:47

Оқушыларға абай болайық

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Дамудың сенімді іргетасы

Қазақстан • Кеше

Іні-досқа ілтипат хат

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар