Аймақ басшысы Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағындағы көпқабатты үйден пәтер алған 18 тұрғынға кілт табыстады. «Алтын алқа» иегері Ұлтуған Дәулетованың пәтерін аралап көріп, жаңа баспананың байғазысы ретінде теледидар тарту етті.
18 пәтерлі 6 көпқабатты жаңа тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша салынып отыр. Бұл үйлерге негізінен көп балалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қоныстанады. Әзірге барлық үйдің құрылысы толық аяқталған жоқ. Мердігер мекемелер құрылысты мерзімінде бітіріп, тұрғындарға пәтер кезең-кезеңімен беріледі.