30 Шілде, 2013

Қарағанды тұрғыны өзін өртеп жіберді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

поджог сам себя

Қарағанды қаласының 55 жасар тұрғыны өзін өртеп жіберді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлады.

Құқық қорғау қызметкерлерінің дерегіне жүгінсек, 55 жастағы азаматтың мәйіті Қарағанды қаласындағы Көшубаев көшесі бойынан табылған. Ол қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірінде жұмыс істеген. Куәгерлер әлгі азамат бензинді денесіне құйып, оны ішкен деседі. Жуырда марқұм жұмыс істеген серіктестік аумағынан газ баллонның ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Алдын ала жүргізілген тергеу дерегі бойынша оның өз өзін өлтіруіне жоғарыдағы жағдай себеп болуы мүмкін.

Данияр Түймебай.