Президент • 31 Желтоқсан, 2019

Президент Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президент Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында мемлекет­тер басшылары екіжақты қарым-қаты­нас­тардың қарқынды дамып келе жатқа­нын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайтудың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Президен­тінің биылғы 14-15 сәуірде Өзбек­стан­ға жасаған мемлекеттік сапары­ның нәти­же­сінде қол жеткізілген уағда­лас­тықтардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды.

Өзбекстандағы Қазақстан жылы­ның табысты өтуіне ерекше мән бе­рілді. Оның аясында мәдениет, өнер және білім салалары бойынша ықпал­да­с­тықты жандан­дыру жөнінде көптеген шара ұйымдас­тырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мир­зиёевті келе жатқан Жаңа жылмен құт­тық­тап, оған мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-бере­ке тіледі.