Фейерверкті Есіл өзенінің жағалауынан, Ботаникалық бақ аумағынан, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан көруге болады.
Салют жергілікті уақыт бойынша 00:00 басталып, 6 минутқа созылады.
Фейерверк биіктігі-210 метр, ені-250 метр. Әр нүктеден 3500-нан 4000-ға дейін салют ату жоспарланған.
Салют өткізуге бюджеттен қаражат бөлінбеген және ол толығымен демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.