Парламент • 31 Желтоқсан, 2019

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады
 

«Құрметті қазақстандықтар! Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз ел болғандықтан Жаңа жыл қарсаңында келер жылға жаңа жоспарлар құрып, болашаққа үлкен үміт артамыз. Бұл жетістіктерге еліміздің жарқын келешегі үшін әр түрлі салаларда қажырлы еңбек етіп, Қазақстанның гүлденуіне үлес қосып жүрген барша азаматтардың арқасында жетіп отырмыз! Осы күнге дейін қол жеткізген жеңістеріміз жемісті бастамаларға серпін  берсін. Келер жыл еліміздің әл-ауқатын арттырып, әр отбасыға құт-береке алып келсін.

Әрбір шаңыраққа зор денсаулық, бақыт пен береке тілегім келеді. Келер жыл сәттілік пен табыс жылы болғай! Жаңа 2020 жыл құтты болсын!» делінген хабарламада.