Руханият • 01 Қаңтар, 2020

Жаңа жылды қалай қарсы алсаң...

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа жылды қалай қарсы алсаң...

 – Қымбаттым, Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай өтесің деген сөз бар...

– Ал, сонымен не айтпақшысың?

– Жаңа жыл қарсаңында әне бір әуегөй  концертке билет алсақ, жыл бойы көңіліміз көтеріңкі жүрер еді.

– Ырбың-жырбың әуегөйлерді ұнатпаймын. Одан да балық ауласа ғой шіркін!

– Жыл бойы далада тентіреп күн өткізбекшіміз ғой... Келіспеймін! Ал ән-әуенді жақтырмасаң, онда балетке барайық.

– Балыққа бармасақ, спорт сарайында хоккейден керемет жарыс өтеді...

– Хоккейіңді басыңа бүрк... Менің ұсынысым – балеттен басыңды ала қашсаң, өнердің өресі – опера тыңдап қайтайық.

– Хоккейді баскетболмен ауыс­тырдым...

– Допты шеңберге лақтырғандарды көр де отыр демекпісің!? Шыдамым жетпейді, одан да оператта он есе қымбат.

– Баскетболды волейболмен ал­мас­тырсақ ше?..

– Соңғы ұсынысым – драмтеатрда жаңажылдық қойылым болады екен.

– Сен жеңдің... Драмтеатрға тарт­тық. Тек онда менің бір ұсыны­сым­ды орындауға уәде бер.

– Келістік! Барсақ болды! Ал он­дағы ұсынысың не?

– Барғаннан спектакль біткенше мен буфетте отырамын...

 

Берік САҒЫРБАЙ

Нұр-Сұлтан