Қоғам • 01 Қаңтар, 2020

Өзгеріп кетті танысым

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өзгеріп кетті танысым

Алақаны күректей болса да,

Мінезі жібектей

Кеудесі түбектей болса да,

Көкірегі ояу,

Көздері жанып тұрған шамдай.

Өзі ірі, сөзі майда танысым бар еді,

Жолында жүк қалмаған,

Желіп жүрген нар еді.

Сол танысымды,

Жаңа жылда – танымай қалдым.

«Тойыс» мен емес, ол танымай қалды.

Амандасуға созған қолымды,

Қол емес, көсеу көргендей,

Тыржиып амалсыздан алды.

Не дегенін өзі де білмейді,

Аузын қыбырлатып, ернін жыбырлатып,

Сөз  айтудан қалды.

Бұрын саусақтарымен сытырлатып,

Бармағымды бытырлатып,

Қолымды қысып, қуанып қалатын.

Қабырғамды қаусата,

омыртқамды опыра,

Есімді жиғызбай,

еріксіз құшақтап алатын.

Енді, бет-аузы «бетонданып», бедірейіп,

Ит қуған ешкідей едірейіп, шошып кетті.

Көзінің оты өшіп

Түрінен тіршіліктің нышаны көшіп кетті.

Танауын көкке көтеріп, тоқтай алмай,

«Топлиымды» басып кетті.

Бақсам бақа екен, Жаңа жылда –

Танысымның қызметі өскен екен.

Сөйтіп кішіпейілділіктің ауылынан

 көшкен екен.

Бізде осындай алуан-алуан таныс бар,

Менде оны сіздерге таныстыратын

«шанс» бар.

 

*  *  *

«Бидайдың көкірегін көтергені –

дақылы жоқтығы,

Жігіттің көкірегін көтергені –

ақылы жоқтығы» –

Деген сөз осындайларға арналған,

Рахмет айтамыз, оқырманға тыңдаған.

 

Марат КӨПТІЛЕУОВ 

Қызылорда облысы 

 

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025