Руханият • 01 Қаңтар, 2020

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

816 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғам қайраткері, экономист Серікболсын Әбділдин 82 жасында дүниеден озды.

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

Бұл хабарды саясаттанушы Ерлан Сайыров Facebook парақшасында жазды.

«Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин өмірден өтті», - деп жазды Е. Сайыров Facebook желісінде. 

Әбділдин Серікболсын – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген.

1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1991-1993 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды.

1995 жылдан - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнескафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады.

Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылыми еңбек пен 6 монографияның авторы.