Хоккей • 02 Қаңтар, 2020

Чехияда хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты өтті

185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың 26-30 желтоқсаны аралығында Чехияда хоккейден жастар арасында (20 жасқа дейін) әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бәсекеге Қазақстан жастары мына құраммен қатысты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Чехияда хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты өтті

Қақпашылар:Владислав Нурек, Максим Павленко, Роман Калмыков;

Қорғаушылар:Артём Королёв, Темірлан Гайтамиров, Мәди Диханбек, Данил Бутенко, Тимофей Катасонов, Давид Муратов, Владимир Шлычков;

Шабуылшылар: Олег Бойко, Руслан Дёмин, Жүсіп Асуханов, Денис Чапоров, Андрей Буяльский, Владислав Сайко, Станислав Александров, Никита Ляпунов, Максим Чалов, Константин Бондаренко, Әлихан Өмірбеков, Аңсар Шайхмедденов, Максим Мусоров;

Жаттықтырушылар: Сергей Старыгин - бас бапкер, А. Шаянов, А. Высоцкий, И. Габдрахманов - бас бапкердің көмекшісі, А. Колюжный - қақпашылар бапкері.
«А» тобында Швейцария, Словакия, Финляндия, Швеция құрамасымен кім мықтыны анықтаған Қазақстан жастары барлық ойында ұтылып, соңғы орын алды.
Алдымен қазіргі әлем чемпионы Финляндиядан (1:7), сосын Словакия (1:3), Швейцария (3:5) және Швециядан (2:6) жеңілді.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіне «А» және «Б» тобында 1-4 орын алған құрамалар жолдама алады. Ал соңғы орын алған құрамалар жұбаныш матчтар өткізіп, элиталық кезеңде қалу мүмкіндігіне таласады.

Өткен жылы Финляндия хоккейшілері АҚШ-тан басым түсіп, әлем чемпионы атанған еді. Қазақстан құрамасы Данияны ұтып, элиталық кезеңде қалған болатын.
Сергей Старыгин шәкірттері элиталық кезеңде қалу үшін Германия, Ресей немесе Чехия жастарының бірімен кездеседі. «Б» тобында 8 ұпаймен АҚШ көш бастаса, Чехия 4 ұпаймен екінші, ал Германия мен Ресей 3 ұпаймен төртінші және бесінші орында тұр.

«А» тобынан Финляндия, Швеция, Швейцария және Словакия плей-офф кезеңіне шықты.
Бұл жолы жұбаныш кездесуі бір құрама екі рет жеңіске жеткенше жалғасады. 2-сі мен 4 қаңтарда жеңімпаз анықталмаса, қосымша кездесу 5 қаңтарда өтеді.