Президент • 02 Қаңтар, 2020

Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгертіліп, қала мәртебесі берілді

664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгертіліп, қала мәртебесі берілді

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына сәйкес Қаулы етемін:

Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.

Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген хабарламада.