Қазақстан • 02 Қаңтар, 2020

Елорда маңына қатынайтын бірқатар автобус бағдары тоқтатылды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда маңы бағыттарындағы автобустар қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС.


Елорда маңына қатынайтын бірқатар автобус бағдары тоқтатылды

«Сағат 14:00 бойынша өзекті хабарландыру. Ауа райының қолайсыздығына байланысты трассалардың жабылуын салдарынан №300, 302, 305, 310, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 321, 326 қала маңы бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Желіде №301, 303, 304, 306, 307, 308, 309, 311, 319, 320, 322 автобустары қалды» делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 3 қаңтар күні қар, боран және көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күшейіп, түнде 15-20 м/с жетуі мүмкін.