Қазақстан • 03 Қаңтар, 2020

Биылдан бастап «Болашақ» стипендиясының талабы өзгереді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Онда Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының адами капиталды дамыту саласындағы серпінді жоба екенін айтты. 

Биылдан бастап «Болашақ» стипендиясының талабы өзгереді
 
 
Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалып, «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе талқыланған еді.

Комиссия шешімімен магистратура мен докторантурада білім алу үшін 234 үміткерге стипендия тағайындалып, олар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберілетіні айтылған.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясының тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін бірқатар нақты тапсырма берілген. Әсіресе, экономика саласын дамытудың перспективалары негізінде еңбек ресурсы балансындағы өзгерістерді ескеру жайы айтылды.

Атап айтқанда, биылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың жаңа тәсілдері енгізілетін болады. Бұл конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын оңтайландыруды, жұмыс органының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Сонымен қатар стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық үдерістер қосымша реттеледі.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025