Қазақстан • 04 Қаңтар, 2020

Бірнеше облыста көктайғақ салдарынан ескерту жарияланды

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады.

Бірнеше облыста көктайғақ салдарынан ескерту жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, жақын уақытта Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

4 қаңтар мен 5 қаңтар аралығында Қызылорда облысында тұман сейілмейді, көктайғақ болады.

Сондай-ақ бүгін Ақмола облысына да ескерту жарияланды, өңірге тұман түсіп, боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Бүгін Түркістан облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК мәліметі бойынша, көліктің барлық түрі үшін екі жол учаскесінде қозғалыс жабылды: «Үшарал-Достық» тас жолының 83-184 шақырымында, «Көктума-Достық» және «КТ-28» жолының 0-32 шақырымында; Тимирязев-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы.