31 Шілде, 2013

«Кереку» деу қазақ тілін қорлау

1369 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

 

КерекуКейінгі кезде Павлодар қала­сы­ның атауын өзгертіп, қазақ тілінде қате қалыптасқан «Кереку» деген атауын қайта беру керек деген пікір­лер айтылып жүр. Меніңше, осы пікірді қолдап жүрген авторлар тарихқа үңіліп, қазақтың жер-суға, елді мекенге атау беруінің заңдылығы мен тапқырлығын ескере бермейді. Қазақта «Кереку» деген сөз ешуақытта болмаған, ешбір сөздікте мұндай сөз жоқ. Ондай кісі есімі де, жеке фамилиясы да, тегі де кездеспейді. Сонда бұл атау қайдан шыққан, қандай жолмен пайда болған?

 

 

 

КерекуКейінгі кезде Павлодар қала­сы­ның атауын өзгертіп, қазақ тілінде қате қалыптасқан «Кереку» деген атауын қайта беру керек деген пікір­лер айтылып жүр. Меніңше, осы пікірді қолдап жүрген авторлар тарихқа үңіліп, қазақтың жер-суға, елді мекенге атау беруінің заңдылығы мен тапқырлығын ескере бермейді. Қазақта «Кереку» деген сөз ешуақытта болмаған, ешбір сөздікте мұндай сөз жоқ. Ондай кісі есімі де, жеке фамилиясы да, тегі де кездеспейді. Сонда бұл атау қайдан шыққан, қандай жолмен пайда болған?

Кейбір авторлар «Кереку» сөзін «Керегежар» деген сөзден шыққан деп те пікір айтып жүр. Бұл пікір де шындықтан алыс жатыр.

Ал көпшілік жұрт «Кереку» сөзі­нің мағынасына мән бере бер­мейді. Оны түсіну үшін Павлодар қа­ласының пайда болу тарихына байланысты еңбектерге көз са­лайық. Мысалы, Санкт-Петербургте 1897 жылы Ф.А. Брокгауз бен И.А. Ефронның «Энциклопедический словарь» деген еңбегінде мынадай тарихи дерек бар: «В прежнее время Павлодарская станица носившая название Корякова служила главным пунктом погрузки соли из озера Корякова в 20 верст от станицы. В последнее время эта погрузка производится в разных местах Иртыша и особого склада соли в Павлодаре не имеется» (T. XXII, 574c.). 1925 жылы Москвада жарық көрген «Энциклопедический словарь русского языка библиографического института Гранат» (31T.,17 б.) былай деп жазған: «Павлодар был основан в 1720 году под именем Коряковского поста, затем переименован в Коряковскую станицу, а в 1860 г. в город Павлодар». Осы пікірді Үлкен совет энциклопедиясы да қайталайды: «Город основан в 1720 г. как Коряковский форпост (затем станица, преобразованная в 1861 г. в город Павлодар)» (БСЭ, т. 19,м., 1975, с.68).

Қазақстанда шыққан «Краткий эн­циклопедический словарь. Ка­захстан» (Алматы, 2005 ж., 350 б.) жоғарыда көрсетілген дерек­тер­ді қайталайды: «Павлодар осно­ван в 1720 г. как Коряковское воен­ное укрепление». Ал 2010 жы­лы «Аруна» баспасы жарық­қа шығарған «Топонимика Казах­стана. Энциклопедический справочник» былай деп дұрыс көрсетеді: «Павлодар ведет свою историю с 1720 года, со времени появления форпоста Коряковский (от названия соленого озеро Коряковское). В 1838 году форпост был преобразован в станицу Коряковскую. 4 (16) апреля 1861 года Коряков получил статус «защитного города с наименованием Павлодар в честь новорожденного Великого князя Павла Александровича» (710 б.) ».

Осы қалаға тұңғыш атауын берген тұзды көл Коряковка Павлодар қаласының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан, әлі кеуіп қалмай сақталып келеді. Осы жерде оның атымен аталған Коряковка селосы да бар. Көлге ие болған купец Коряков көлдің тұзын Оралға, Сібірге жіберіп отырып байыған адам болған. Павлодар қаласы тұрған жерде оның тұз артатын шағын пристаны болған. Аталған және басқа деректерде қала Кереку деген жерде, не елді мекенде пайда болды деген мағлұмат кездеспейді.

Сонымен, Коряков қалайша Керекуге айналған деген заңды сұрақ туындайды.

Топонимика ғылымында атауды бір тілден екінші тілге берудің екі жолы бар. Бірінші – транскрипция әдісі. Бұл әдіс бойынша атау берген халықтың ауызша айтылған атауын қабылдаушы халық өзінің естуі бойынша қабылдап, өз тілінің ережесіне сәйкестендіріп қолданады. Осы әдіс бойынша орысша Коряков сөзі қазақ тілінде коряку-кереку болып өзгерген. Мысалы, біздің Уәлиімізді орыс­тар Вали, Уәлихановымызды Валиханов деген сиякты.

Атауды бір тілден екінші тілге берудің екінші жолы – транслитерация. Бұл әдіс бойынша атау берген халықтың атауын қабылдаушы халық өзінің қарпімен, бір қарпін өзгертпей қатесіз дұрыс береді (Коряко