Руханият • 05 Қаңтар, 2020

Абайдың 175 жылдық мерейтойына өңірлер де үлес қосады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласы биылғы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына жан-жақты дайындалуда. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Абайдың 175 жылдық мерейтойына өңірлер де үлес қосады

Шаһарды абаттандырып, көшелерді көркейту жұмыстарына еліміздің басқа да өңірлері үлес қосуға тілек білдірген. Әзірге жалпы құны 9 жарым миллиард теңге болатын бірнеше жоба мақұлданған. Мәселен, Алматы қаласы мен Түркістан облысы жаңа мешіт маңайын абаттандыруға күш салмақ. Ал Алматы облысы Әуезов даңғылының бойынан жаяу жүргіншілер үшін «Абай жолы» деп аталатын жобаны жүзеге асырады.

Батыс Қазақстан облысы Әуезов алаңын қайта жаңғыртады. Бұл жұмыстарға мемлекет қазынасынан бөлек кәсіпкерлер қаржысы да тартылады деп көзделген.

– Біз өңірлерге ұсыныстар айтып отырмыз. Біріншіден, еңселі жаңа көпірді жарықтандыру. Нысан жаңа кейіпке енсе, шаһардың да шырайы ашыла түседі. Одан кейін Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыру. Қалғаны саябақтар мен көшелерді көркейту сияқты жобалар, – деді қала әкімі Ермак Сәлімов.