Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, бүгін таңертең 08 сағат 40 минутта Буров көшесінің бойында қалалық №13 автобус жолда кетіп бара жатып өртенген.
«Кинг Лонг» маркалы автобус қозғалтқышының жылу жүйесінде қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Өрт 1,5 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, «аса қауіпті агрегатты абайсыз қолдану» нұсқасы тексерілуде. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ», делінген хабарламада.