Қазақстан • 05 Қаңтар, 2020

Ақтоты Райымқұлова Арыстанбек Мұхамедиұлына көңіл айтты

882 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова   «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтоты Райымқұлова Арыстанбек Мұхамедиұлына көңіл айтты

- Қадірлі Арыстанбек Мұхамедиұлы! Аяулы анаңыз, үлкен әулеттің ардақты қариясы Күлімхан Жүндібайқызы Төлендиеваның дүниеден озуына байланысты қайғыңызға ортақтасып көңіл айтамын.

Саналы ғұмырын салиқалы ұрпақ тәрбиелеуге арнаған «Күміс алқа» иегері Күлімхан Жүндібайқызы ұзақ жылдар бойы еткен еңбегі еленіп, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған ғазиз жан. Мәдениет саласының майталманы, өзіңіздей білікті маманды тәрбиелеп өсірген асыл анаңыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай, - деп жазылған көңіл айту хатында.