Аймақтар • 05 Қаңтар, 2020

Алматы облысында төбелескен шенеуніктер жұмыстан шеттетілді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз бұған дейін Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімі орынбасарының мейрамханадағы төбелеске қатысқаны жайлы жазған болатынбыз.

Алматы облысында төбелескен шенеуніктер жұмыстан шеттетілді

Желіге жедел тарап, жиі талқыланған бейнежазба адамдардың ашу-ызасын туғызған еді. Ол бейнежазбада төбелес шығарғандар ішінде аудан әкімінің орынбасары А. Әбдібаев пен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы К.Үсенбаевтың үшінші адамға қол жұмсағаны анық көрінген болатын. Кейін соққыға жығылған адамның аудандық мәдениет үйінің қызметкері екені анықталған.

Қазір аудан орталығы Ұзынағаш ауылындағы «Белые розы» мейрамханасында 25 желтоқсанда болған тәртіпсіздікке орай тергеу жұмысы жүріп жатыр екен. Тергеу аяқталғасын іс сотқа жөнелтіледі. Ал оқиғаға қатысы бар шенеуніктер тергеу кезіндегі талап бойынша атқарып отырған қызметтерінен уақытша шеттетілген.