Руханият • 05 Қаңтар, 2020

Депутаттар «Жастар» театрының ұжымымен мәдени мәселелер бойынша заңнамалық түзетулерді талқылады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мен депутат Михаил Чирков елордадағы «Жастар» театрының ұжымымен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттар «Жастар» театрының ұжымымен мәдени мәселелер бойынша заңнамалық түзетулерді талқылады

Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің негізгі бағдарламалық құжаттары мен бастамаларын іске асыру үшін қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар, сондай-ақ Мәжілістің заңнамалық жұмыстары туралы хабардар етеді.

Әңгіме барысында мәдениет саласында күтілетін өзгерістерге ерекше назар аударылды. Г.Әбдіқалықованың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсетудің нақты шараларын қарастыратын «Мәдениет туралы» заңға түзетулер әзірлеу тапсырылды. Бұған мәдени қолдау қорын құру, цифрландыру мәселелері және концерттік қызметті реттеу кіреді. Сондай-ақ осы жылдың бюджетінде театр қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылған.

«Біз театрларға көмектесуді жалғастырамыз», деді депутат. Өз кезегінде театр әртістері «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға тиісті өзгертулер енгізуді көздейтін декорация мен сахналық костюмдерді сатып алумен байланысты проблемалар туралы айтты.

«Кезінде Елбасы үлкен қолдау көрсеткен «Жастар» театры ұжымымен өте маңызды кездесу өтті», деп қорытындылады Г.Әбдіқалықова.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025