Онда депутаттар етті қайта өңдеудің толық циклімен танысты және ҚазАгроҚаржы мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие беру, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады. Жаңаауыл ауылында орналасқан «Абай» ЖШС - ауылшаруашылық өнімдерін сатумен айналысатын республикадағы ірі агроқұрылымдардың бірі болып табылады.
Мәжіліс депутаттары еуропалық өндірушілердің заманауи жабдықтарымен және әлемдік стандарттарды сақтай отырып автоматтандырылған технологиялық үдерістермен танысты. Жабдықтың техникалық сипаттамаларына сәйкес, комбинаттың өндірістік қуаты 100 мың тоннадан кем болмайды.