Қоғам • 05 Қаңтар, 2020

Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен балаларды ауруханадан шығаруға дайындауда

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы Алматы қалалық балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен балаларды ауруханадан шығаруға дайындауда

«Балалар клиникасында 7 бала жатыр. Барлығының жағдайы жақсарып келеді. Емді толық көлемде қабылдауда. Психологиялық жағдайы да тұрақты. Ертең біз тағы да анализ аламыз», деді ол.

Бас дәрігер оның қорытындысы дайын болған соң, бірнеше баланың үйіне шығарылатынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, екі бала амбулаториялық емге жіберілді.

«Балалардың арасында бір отбасынан төрт адам бар. Барлығы - Алматыдан. Олардың кейбіреуіне ота жасалды», деп толықтырды Абай Құсайынов.