Руханият • 06 Қаңтар, 2020

Қарағанды облысының үздік тергеушілері мен криминалистері анықталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық полиция департаментінде тергеу және жедел-криминалистикалық бөлімшелер бойынша 2019 жылдың жұмысы қорытындыланып, үздік деп танылған қызметкерлер марапаттарға ие болды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының үздік тергеушілері мен криминалистері анықталды

Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Мақсат Кенжебек «Қарағанды облысының үздік тергеушісі» атанса, Сәтбаев қалалық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесі «Үздік тергеу бөлімшесі» деп танылды.

«Қарағанды облысының үздік ауылдық тергеу бөлімшесі» атағына Приозерск қалалық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесі ие болды.

Октябрь аудандық полиция бөлімінің криминалисі Сұлтан Жандыбаев «Қарағанды облысының үздік криминалисі»  атанды.

Ал Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімшесіне 2019 жылдың «Үздік криминалистикалық бөлімшесі» атағы берілді.