Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020

Сенаторлар Шымкент тұрғындарымен кездесті

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс бабындағы сапармен Шымкент қаласында болып, әкімдікте қала тұрғындарын қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Шымкент тұрғындарымен кездесті

Қабылдау барысында тұрғын үймен және жұмыспен қамту, жер кезегі, заңсыз құрылыс жайы талқыланды. Сенаторлар қабылдауға келген азаматтарға үй, жер проблемалары бойынша тек кезекпен, заң жүзінде шешілетінін түсіндірді.

Сенаторлар азаматтардың арыздары назарда болатынын жеткізді. Депутаттар сол күні халықты жұмыспен қамту орталығында болып, оның жұмысымен танысты, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекке байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

Мамандардың айтуынша, Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсыру 2020 жылдың 5 қаңтарында басталды. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері 4 аудан бойынша АӘК-ті белсенді алушылардың алфавит бойынша кестесін әзірлеген болатын. Бұл кесте халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдіктерінің тиісті бөлімдеріне жолданды.

Депутаттар елімізде атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгерту туралы заң қабылданғанын, енді мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектесетіні туралы айтты. Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар: көпбалалы аналарды қолдауды; жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті; кепілді әлеуметтік көмекті қамтитын болады.