Кездесу барысында тұрғындарды жұмыспен қамту, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру және әлеуметтік мәселелер көтерілді. Сенатор өзекті мәселелер атқарушы органдардың назарына ұсынылып, жеке бақылауға алынатынын атап өтті.
Депутат сондай-ақ қиыршық тас өңдеу зауыты мен сүт кешенін аралап, аграрлық секторды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.