Кездесуге белсенді жастар мен ұстаздар және тиісті басқарма өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің Мұхтартану ғылыми-зерттеу орталығында өткен басқосуда 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялануына орай жастар өз ұсыныстарын ортаға салды. Жастардың айтуынша, азаматтық қоғам дамуында еріктілердің рөлі ерекше. Әр қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса, алынбайтын асу жоқ.
Мұнан соң Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Бекназаров сөз алып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова жастардың көтерген тақырыптарына байланысты өз ойын ортаға салып, барлық ұсыныс-тіліктің ескерілетінін жеткізді.