Қоғам • 07 Қаңтар, 2020

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет

916 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының құ­қық­тық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне толық баға беру үшін, әуелі кри­миногендік жағдайға талдау жасаған жөн. Өйткені Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қандай жағдай орын алғаны әлі көз алдымызда. Қазақстанда, басқа да жаңа тәуелсіз республикалардағы сияқты экономикалық дағдарыс басталды. Шаруашылық байланыстар үзіліп, зауыттар мен фабрикалар тоқтап қалды. Адам­дарға жалақы, зейнетақы, жәр­демақы төленбеді. Осындай ауыр жағдайда қылмыстардың са­ны тым шарықтап кетті. Қарақ­шылық, ұрлық-қарлық кең етек алды. Тіпті темір жол көлігінде мемлекеттік жүктер де тоналды, әскерде әскери мүлікті тасып әке­тушілік болды. Жасырын тауар айналымы ұлғайды.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет

Ол уақыттағы статистика­ шы­найы көріністен алшақ бол­ды. Дегенмен де, ресми деректер бо­йынша «сұрапыл» 90-жылдары тек адам өлтіру мен ден­саулыққа ауыр зиян келтіру 80-жылдармен салыстырғанда 2 есеге, ал тонау 4 есеге өскен. Сол жылдарда бас­ты мақсат криминалды тоқтату, адамдарды қорғау, мемлекетті сақтап қалу болды.

Бүгінде 90-жылдармен са­лыс­тырғанда адам өлтіру 3 есеге дер­лік кеміді. Мәселен, 1996 жы­лы адам өлтіру саны 2,5 мың­нан асса, 2018 жылы – 900-ден сәл жоғары болды. Ауыр зиян келтіру 6 мың болса, 2018 жыл­ғы қорытынды бойынша 2 мың­ды құрады. Тонаулар 5 есеге қыс­қарды.

Жаһандық бейбітшілік ин­дексінде Қазақстан 163 елдің ішінен 64-орынға ие болды. Бұл ТМД-дағы үздік көрсеткіш (Беларусь – 97, Өзбекстан – 102, Ресей – 154). Мұның бар­лығы да жыл өткен сайын­ елі­­мізде өмір сүріп, жұмыс іс­теу әлдеқайда қауіпсіз бола бас­та­ғанын дәлелдейді. Жағдай 90-жылдармен салыстырғанда ғана емес, Кеңес өкіметінің ең гүлденген шағы 80-жылдармен са­лыстырғанның өзін­де жақ­сырақ. Ол кезде Қазақ КСР-ін­­­­­­­де орташа есеппен ал­ғанда жы­­лына 1,5 мың кісі өл­тіру қыл­­мысы жасалатын. Бү­гінде бұл көрсеткіш шамамен 2 есеге төмен. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері жар­тылай қысқарған. Бұл мем­лекеттің қыл­мысқа қарсы күрес жөніндегі кешенді жүйелі шара­ларының арқасында мүм­кін болды.

Біріншіден, тәуелсіздік жыл­­дарында маңызды бағдар­ламалық құжаттар мен тұжы­рымдамалар жүзеге асырылды, қажетті заңдар қабылданды, құ­қықтық көмек көр­сету жә­не қылмыскерлерді бе­ру жө­нінде халықаралық ын­ты­­мақ­тастық орнатылды, жа­ңа құ­қық қорғау жүйесі қалып­тасты. 1997 жылдан бастап еге­менді Қазақстанда тұңғыш рет Қылмыстық, Қылмыстық іс жүр­гізу, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодекстері қабылданды. Алайда, өмір жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдығы, адам құқықтары мен бостан­дық­тарын қылмыстық-құқықтық қорғау мәселесіне батыл бұры­лу, қылмыстық-құқықтық ты­йым­­­дар­дың тұрақты нарық­тық эко­номиканың шарттарына сәй­кестігі идеясына негізделген жа­­ңа кодекстердің жасалуын талап етті. Араға 17 жыл салып, 2015 жылы жаңа Қылмыстық, Қыл­мыстық-процестік және Қыл­мыстық-атқару кодекстері қабылданды.

Екіншіден, бір жағынан, қыл­­мыстық статистиканың то­лық­тығы мен нақтылығы, екін­ші жағынан, кез келген құ­қық бұзу­шылыққа мүлде төзбеушілік қам­тамасыз етілді. Қылмыстылық кө­рінісі шынайы бола бастады. Мысалы, 2015 жылға дейін 6 мыңға жуық жасырылған қыл­мыс анық­­талды. Қазір бұл үшін қылмыстық жауапкершілік ен­гізілген. Қылмысты жасыру мә­нін жоғалтты, өйткені барлық, тіп­­ті ең ұсақ құқық бұзушылық та тіркеледі.

Үшіншіден, қазіргі таңда пе­ни­тенциарлық жүйенің тәсіл­­дері түбегейлі қайта қарал­ған. Тәуелсіздік алған сәтте ко­лония­ларда барлық одақтас республикалардан 100 мыңнан астам адам отырды. Сол кезде Қазақстан жан басына шаққанда ең көп қа­малғандар саны бар әлемдік көшбасшылардың үштігінде болды. 1986 жылы қамауға алын­­ғандар саны 100 мың тұр­ғын­ға шаққанда 676 болса, қа­зір – 213 адам. 30 жыл ішінде бұл кон­тингент 3 есеге азайды. Соңғы сегіз жыл ішінде жүр­­гізіл­ген қылмыстық саясатты ізгі­лендіру нәтижесінде бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың саны жартысына жуық кеміді, тиісінше Қазақстанның түрме халқының әлемдік рейтингіндегі жайғасымы 3-орыннан (2000 жылы) 98-орынға (2019 жылғы 1 тамызға) ауысты.

Түрме халқының қыс­қа­руына бай­ланысты материал­дық-тұр­мыстық жағдайы нашар 12 мекеме таратылды. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар қолданылатын адамдардың пайыз­дық арақатынасы артты. Егер Тәуелсіздік алған кезде мұн­дайлар 10% болып, ал қал­ғандары колониялар­ға жібе­рілсе, ал қазір сотталғандардың 60%-ға жуығына пробациялық бақылау тағайындалады, ал 40%-ы бас бостандығынан айыру орындарына жіберіледі.

Төртіншіден, 2015 жылы Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінің қолда­ныс­қа енгізілуіне байланыс­ты, артықшылықтармен қатар, пы­сық­тай түсуді қажет ететін бір­қатар өзекті мәселелер де пайда болды. 

Бірінші артықшылық. Қыл­мыс­тық кодекс ізгілене түсті. Оның репрессивтілігі 30%-ға төмендеді. Бұрын ұры кәнігі қыл­мыскер болып табылса, тіпті ұсақ ұрлық үшін де бас бостандығынан айыруға үкім шығарылатын. Мұн­дай ол­қылықтар қазір жойылды. Баламалы жазалар беріле бас­тады. Адамдар қоғам мен отба­сынан оқшауланбай түзелуге мүм­кіндік алды. Сондай-ақ қо­ғам мен мемлекеттің қорғауы кү­шейді. Экстремизм мен терроризм үшін жазалау күшейді, сепаратизм, әскери кикілжіңдерге қатысқаны үшін жауапкершілік енгізілді. Сыбайлас жемқорлар үшін мемлекеттік қызметте, ал педофилдерге балалармен жұ­мыс істеуге өмірлік тосқауыл қою күшіне енді. Бүгінгі күні хи­мия­­лық кастрация туралы нор­ма қабылданып, орындалуда.

Екінші артықшылық. Қыл­мыс­тық процесс барынша адам­ға бағыттала бастады. Тергеуге дейінгі тексерістің күші жойылды. Электронды қылмыстық іс ен­гізілді.

Бұрын іс қозғалғанға дейін ескі ҚІЖК жауап алуға, қарауға, алу­ға, сараптауға мүмкіндік бер­­ді. Адамдардың осы кезеңде еш­қандай құқықтары болмады. Ал қазір қылмыстық іс дереу басталады, сол себепті адам процестің ең басында-ақ процессуалдық құқықтарын пай­далана алады. Айғақтарды сақтауға қою. Мыңнан астам адам­нан тек бір рет жауап алынған. Кейін оларды маза­ламаған. Бұл балалардың пси­хи­касына зақым келтірмеу үшін маңызды. Қашықтықтан сауал алу енгізілді. Енді қатты қажет­тілік болмаса, басқа қала­лардан ешкімді алып кет­пейді. Адамдарға да, бюджетке де ың­ғайлы әрі тиімді.

Миранда қағидаты іске қо­сылды, яғни ұстау кезінде дереу құқықтары оқылады. Қамауға алын­ғандар азая түсті, кепілзат жиі қолданылады.

Үшінші артықшылық. Сот­­тың бақылауы күшейді. Про­цес­суалдық заңнаманы жа­ңарту сот құзыреттері мен сот­тардың қолжетімділігі аясын кеңейтуге ықпал етті, аза­мат­тар үшін өз құқықтарын қор­ғау мүмкіндігін шектеуді толығымен жоюға мүм­кіндік берді. Сот тек қамауға алу­ға ға­­на емес, тінтуге, алуға, мү­­­лік­­ке тыйым салуға және т. б.­ санкция береді. Тергеу мен про­­­курордың кез келген іс-әре­­ке­тіне сотқа шағымдануға болады.

Төртінші артықшылық. Қыл­мыстық кодекс ымыраға келуді кеңейтті. Бүгін, егер тараптар ке­лісімге келсе, ал әрекет ауыр емес және адам өлімі болмаса, онда істі тоқтатуға міндетті. Жә­бір­ленушілер де, кінәлілер де ра­зы. Соттар, прокурорлар мен тер­геушілер көп уақытын күр­делі істерге арнайды.

Қылмыстық заңда жаза та­­­ғайын­дау кезінде ізгі­лен­діру­ге ықпал еткен жаңа­шыл­дық­тардың бірі қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сот­талған ара­сында жасалатын «Про­цестік келісім» институты болып табы­лады. Бұл институтты «сот төре­лігімен мәміле» деп те атайды.

Бесінші артықшылық. Кі­нәні мойындауды енгізу. Атал­ған институттың мақсаты – қыл­­мыстарды жедел және то­лық ашу, тергеу және сотқа дейінгі іс жүргізуді және істі қыс­қартылған тәртіппен сотта қа­рауды жүзеге асыру жолымен қылмыстық процестің өзге де міндеттерін жедел орындау. Кел­тірілген залал тез өтеліп, жа­за жеңілдетіледі.

Алтыншы артықшылық. «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын орындау шеңберінде «Қыл­мыстық құқық бұзушылық картасы» енгізілді. Қай көшеде, қай үйде, қашан және қандай қылмыс жасалғандығын тікелей көруге болады. Кез келген қыл­­­мыс, оны тіркегеннен соң, 3-4 минуттан кейін кар­тада көрініс табады. Бұл тұрғын­дарға қолайлы, өйткені үйге, жұмысқа, мектепке баратын қауіпсіз бағыттарды құруға болады. Картаның басты мақ­саты – тұрғындарды құқық бұзу­шылықпен күресуге тарту және олардың өмірін барынша қауіп­сіз ету.

Өткен жылдың 2 қыркүйе­гінде Президент Қ.Тоқаев «Сын­дарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында екінші негізгі басымдық ретінде азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді белгіледі. Бұл саладағы өзекті міндеттердің бірі – барлық құқық қорғау жүйесін толық реформалау болып қала береді.

Бұл ретте мемлекеттің күш­тік құралы ретінде көрінетін по­лицияның бейнесі жүре-бара ұмытылып, ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады. Осыған байланыс­ты, Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру міндетін қойды. Күштік құрылымдарды реформалау, бұл – қазіргі мәселелерді, әлемдік тәжірибені, қоғамның қалауы мен мемлекеттің мүмкіндігін жан-жақты талдауға арналған күрделі процесс.

 

Нұрлан БИЕКЕНОВ,

заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі