Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020

«Қарапайым заттар экономикасы»: 47 жоба мақұлданды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жыл қорытындысымен Қызылорда облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы құны 6,6 млрд.теңге болатын 47 жоба мақұлданған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов айтты.

«Қарапайым заттар экономикасы»: 47 жоба мақұлданды

Оның айтуынша «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі өңірлік жобалық кеңсенің қарауында жалпы сомасы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 105 жоба бар. Оның ішінде 47 жобаны банктер мен Аграрлық несие корпорациясы мақұлдап, жүзеге асырылуда. Он сегіз жоба қаржы институттарында қаралып жатса, қалғандарына қажетті құжаттар жинақталуда.

Былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту шеңберінде басым жобаларға жеңілдетілген несие берудің бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны іске асыру барысында шұғыл түрде кедергілерді анықтап, жою мақсатында Үкімет басшысының тапсырмасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында жобалық кеңселер құрылды. Қызылордада өңірлік жобалық кеңсенің тең төрағалары – облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Жыл бойы жобалық кеңсе мүшелері кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныстары мен проблемаларын жүйелеп, орталыққа ұсынып отырды. Осының нәтижесінде қысқа мерзімде Үкімет қаулысына 3 рет толықтыру енгізіліп, несиелендіру шарттары түбегейлі қайта қаралды.

Біздің облысымыз бойынша Өңірлік жобалық кеңсенің ұсынысымен жылқы, түйе, қой, ешкі, құс, тауық, қаз, балық өсіру, тұзды қайта өндеу, бетоннан материалдар, силикат кірпішін шығару, медициналық мекеме салу, жөндеу және оларды медициналық жабдықтармен жабдықтау сияқты аймақ үшін өзекті қызмет түрлері енгізілді, дейді Палата директорының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51