Парламент • 07 Қаңтар, 2020

Қазалыдағы кездесу

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы және Дана Нұржігіт Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде кездесу өткізді.

Қазалыдағы кездесу

Кездесу барысында Мұрат Бақтиярұлы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді.  

Ал Дана Нұржігіт әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілген өзгерістер жөнінде түсіндірме жасады.

Депутаттар жиынға қатысқан білім саласының қызметкерлері мен ардагерлерінің сұрақтарына жауап берді. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген депутаттарға алғысын айтты.

Сенаторлар ауданға жұмыс сапары барысында «Сыр маржаны» ЖШС-ның мал бордақылау алаңының жұмысын көріп, Ақтан батыр ауылындағы орталық саябақ, жақында ашылған Әлсейіт көпірімен танысты. Әйтеке би кентіндегі аудандық мекемелер үйінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Сенат депутаттарына «Ашық әкімдік» жобасы аясында жұмыс істейтін кабинеттерді көрсетті.