
Үлкен қалаларда ғана кездесетін осы қызмет түрін ауданға алғаш алып келген жас кәсіпкер Еркін Алданазаров идеясын іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының көмегіне жүгініпті. 8,7 млн теңге несие алып, іс бастаған ол мұнда келген автокөлік иелеріне қаржысына қарай машиналарын тазалауға мүмкіндік жасалғанын айтады. Орталықта тұтынушыларға арналған күту залы да қарастырылған.