Иранның жедел медициналық көмек қызметінің басшысы Пирхосейн Куливандтың айтуынша, құтқарушы бригада апат орнына жіберілгенімен, ұшақтағы өрттің кесірінен көмек көрсете алмай отыр.
FlightRadar 24 ұшуды бақылау қызметі Twitter парақшасында ұшақ үш жарым жыл бойы пайдалануда болғанын хабарлады.
Агенттің мәліметіне сәйкес, апат техникалық қиындықтарға байланысты болған.
Boeing компаниясы БАҚ-тағы апат туралы ақпараттан хабардар екенін және қосымша зерттеу жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатқанын айтты.
«Ұшақ апатынан хабардармыз. Қазір ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ирандағы өкілдері ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Ирандағы дипломаттардан хабар күтіп отырмыз. Олар Иранның құзыретті орган қызметкерлерімен байланыста отыр. Ақпарат келген кезде хабарлама таратамыз», - деді СІМ Баспасөз қызметі басқармасының басшысы Нұрбек Алмашев.