«Айта кетейік, кеше бір күн ішінде 5870 азаматтын құжаты кабылданған. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша 74 мыңға жуық оқушыларды ыстық тамақпен қамту жоспарланған.
Министрлік атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасы мүшелерінің барлығы АӘК алу құқығынан айырылатын болады» делінген хабарламада.