Ойынның алғашқы матчында Кукушкин алаң иесі Малик Жазиримен кездесті. Кездесу 6:0, 6:3 есептерімен Михаил Кукушкиннің еншісіне шешілді.
Келесі ойында ол енді ресейлік Андрей Рублевқа қарсы ойнайды.
Айта кетерлігі, аталған турнирде тағы бір қазақстандық спортшы қатысты. Александр Бублик бірінші кездесуінде франциялық Адриан Манаринноны ұтқанымен, екінші кездесуінде словениялық Альяж Беденге жол берді.