Аймақтар • 08 Қаңтар, 2020

Қызылордада былтыр заңсыз айналымнан 700 келіден астам есірткі алынды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 429 қылмыстық іс құжаты тіркелген, оның 12-сі есірткі затын сату, жиырмасы есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және 67-сі есірткі бар сора өсімдігін егу дерегіне қатысты болып отыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада былтыр заңсыз айналымнан 700 келіден астам есірткі алынды

Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында көзделген қылмыстың 328 дерегі анықталған. Жыл бойына заңсыз айналымнан барлығы 703 келі есірткі алынды.

Нашақорлық  пен  есірткі  қылмыстарының  алдын  алу  мақсатында  облыс  көлемінде 8 акция,  251 лекция,  8 дөңгелек  үстел,   24 кездесу, 24 спорттық  іс-шара мен  93 сайыс, жалпы саны жалпы  405 іс-шара  өткізілді. Бұл шараларға ҮЕҰ, мектеп инспекторлары, ЖОО өкілдері үлкен үлес қосты.

Есірткі  сату мен соған байланысты жасалып  жатқан  қылмыстар  мен  құқық  бұзушылықатар  жайлы  хабарламаларды  қабылдау  үшін Қызылорда  ОІІД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында «Сенім  телефоны» номері жұмыс атқарады.