Қазақстан • 08 Қаңтар, 2020

Air Astana Дубайға ұшатын рейстердің бағытын өзгертті

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстердің бағытын өзгерту туралы шешім қабылдады. 

Air Astana Дубайға ұшатын рейстердің бағытын өзгертті

Жоғарыда айтылған рейстер Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып өтеді. Осыған сәйкес ұшу уақыты да төменгідей ұзарады:

Алматы – Дубай  20 минутқа,

Дубай – Алматы 10 минутқа,

Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа

Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа.

«Жолаушылардан ұшу кестесін airastana.com сайтынан немесе төменде көрсетілген Брондау және ақпарат орталығына хабарласып нақтылап алуды сұраймыз: 244 4477 (Алматыдан) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан), сонымен қатар +7 702 702 4477 нөмірі бойынша», делінген хабарламада.