Президент • 09 Қаңтар, 2020

Қ.Тоқаев: «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салу керек екенін жазды.

Қ.Тоқаев: «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек

«1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек. Осы және басқа да ауқымды шаралар ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу үшін өткізілмек. Ендеше, бүкіл Қазақстан халқын осы игі бастамаға белсене атсалысуға шақырамын» деп жазды Қ.Тоқаев.