Қоғам • 09 Қаңтар, 2020

Алматыда былтыр алты мыңнан астам адам ішімдіктен уланып, екі мыңы ауруханада емделді

258 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығы» ЗТБ заңсыз алкогольдік ішімдіктерге қарсы жүргізілген ауқымды акцияға байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Алматыда былтыр алты мыңнан астам адам ішімдіктен уланып, екі мыңы ауруханада емделді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын алкогольдің әсерінен 3 миллионнан астам адам қайтыс болады. Жер шарындағы әрбір 20 адам ішімдіктің кесірінен қайтыс болады, олардың 75% ер адамдар. Маскүнемдіктен болған өлімнің төрттен бір бөлігі жазатайым оқиғалардан, жанжалдардан және өз-өзіне қол жұмсауға байланысты жарақаттардан, ал төрттен бірі – асқазан-ішек жолдарының аурулары, 19% – жүрек аурулары, қалғаны – жұқпалы аурулар, рак аурулары және психикалық бұзылулар.

БҰҰ мәліметі бойынша, алкогольден болатын өлім-жітім деңгейі жоғары елдердің арасында Қазақстан 10 орында. Мәселен, Алматыда 2019 жылы алты мыңнан астам адам алкогольден уланып, оның екі мыңы ауруханаға жатқызылды. 23 өлім оқиғасы тіркелді.

Бұл мәліметтерді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде өткен брифингте бөлім басшысы Айзат Молдағасимова мәлімдеді.

Ендігі жерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 921 қаулысымен бекітілген «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес «ҚТЛҚ» ЗТБ алкоголь өнімдерін заңсыз анықтау бойынша кең көлемді акция өткізеді.

Сонымен, 2019 жылы Қазақстан Республикасының әртүрлі қалаларында тұратын азаматтардан «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығына» жалған алкогольді ішімдіктерді сатуға шағымданған хабарлар келіп түскен. Өтініштерде Wipon бағдарламасы арқылы акциздік марканы тексерген кезде ол Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасында жоқ екендігі, алайда акциздік маркалардың сериясы мен нөмірін қолмен енгізген кезде өнімдер мәліметтер базасында көрсетілетіні хабарланған (акциздік марканы беру тәртібі туралы мемлекеттік кірістер департаментіне сұрақ жіберілді). Осыған байланысты өндірушілер акциздік маркаларды көбейтеді деп болжауға әбден болады, сондықтан олар өндірістің нақты көлемін жасырады. Акция барысында алкогольді ішімдіктерді сататын дүкендер бірқатар бұзушылықтарды анықталған.

«Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығы» ЗТБ Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын өнімдердің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізетін коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым. 28 жылдан бері ҚТЛҚ елдегі тұтынушылардың құқығын қорғап келеді. Олардың қатарында 60 111 адам, оның ішінде 28 мың ерікті бар. 28 жылда Қазақстан тұтынушылар лигасы тұтынушыларға 1 860 906 888 теңге көлемінде материалдық және моральдық зиянды өтеуге көмектесті. ҚТЛҚ тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасындағы қайшылықтардың алдын алуға және қауіпсіздікті арттыруға, Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

 

АЛМАТЫ