Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Жаңа заң түсіндірілді

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және сенаторлар Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қаппарова жұмыс бабындағы сапармен Шымкент қаласында болды.

Жаңа заң түсіндірілді

Депутаттар сапар барысында қала­ның әлеуметтік-экономикалық жағ­дайымен танысып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. Сенаторлар еңбек ұжымдарымен жүз­десулерде Парламент қабыл­даған заңдардың мазмұнын, рухани жаңғыру және ұлттық құн­ды­лықтарды сақтау мәселелерін талқылады.

Бектас Бекназаров «Педагог мәр­те­бе­сі туралы» заңы мен бас­қа да заңна­мадағы өзгеріс­тер­ді кеңінен түсіндіру мақсат­ында қаладағы білім беру са­ла­сы­ның қызметкерлерімен кез­десті. Жоғарғы палата төраға­сының орынбасары жаңа заңда­ғы артықшылықтарға тоқта­лып, мұғалімдердің кәсіби қыз­мет­індегі құқықтары мен міндет­теріне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Өткен жылы Сенат пен Мәжіліс халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашатын 83 заңды қабылдады. Қос палата депутаттары заң шығару жұ­мысында Тұңғыш Президент – Ел­басының әлеуметтік стратегиялық бастамалары мен Президенттің халықты қолдауға арналған тапсырмаларын негізге алды. Ең бастысы қабылданған бар­лық құжат азаматтарды қолдауға және қорғауға арналды», – деп атап өтті Сенат Төрағасының орынбасары.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жұмыс ба­бындағы кездесу аясында де­путаттарды шаһардың 2019 жылғы әлеуметтік-экономи­калық дамуындағы негізгі қорытындылармен таныстырды. Сонымен қатар қала басшысы өнеркәсіп пен білім беру, ден­саулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар жайы мен мегаполисті дамыту бағытындағы биылғы жылғы жоспарлармен бөлісті.

Сенаторлар 3 мыңнан астам ха­лық тұратын «Бадам» тұрғын үй ала­бын­дағы инженерлік инфрақұрылым жағдайымен танысты. Тұрғын алабын электр қуатымен және табиғи газ, ауыз сумен қамту, сонымен бірге жол мәселесін шешу үшін мемлекеттік бюджеттен тиісті қаржы бөлінген болатын. Жыл соңына дейін «Бадам» тұрғын үй алабының коммуналдық проблемасы толығымен шешіледі деп жоспарлануда.

Б.Бекназаров әрбір депутат өңірдің дамуы тежеліп жатса, бюд­жет­тің қаржысы өз мақсатына жұмсалмаған жағдайда, депутаттық сауал жолдануы тиіс екенін атап өтті.