Үкімет • 10 Қаңтар, 2020

Қазақстанда 5 трлн теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру құны 4 трлн 909 млрд 820 млн теңгені құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда 5 трлн теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген
Аталмыш көрсеткіш 2018 жылғы 11 аймен салыстырғанда 672 млрд теңгеге немесе 15,8 пайызға жоғары.

Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында 2 трлн 867,6 млрд теңгеге (өсім 19,1%), ауыл шаруашылығында – 2, 03 трлн теңгеге(өсім 10,4%) өнім өндірілген.

Еліміздегі өсімдік өнімдерінің өндірісінде дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан (475 млрд теңге), Алматы (472 млрд  теңге), Ақмола (348 млрд теңге) және Түркістан (346 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр.

Аталмыш өңірлер республика бойынша жалпы көлемдегі  өндірістің негізгі өсуін қамтамасыз етті. Өндірілген өнімдердің басым көпшілігін дәнді дақылдар құрайды.

Мал шаруашылығында былтырғыдай Алматы облысы (323 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (281 млрд теңге) және Түркістан (243 млрд теңге) облыс алдыңғы қатарда. Мал мен құс өндірісінде аталмыш облыстар да тұрақты өсім көрсетіп отыр.

 
Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10