Қазақстан • 10 Қаңтар, 2020

«Белавиа» әуе компаниясы Ақтау, Қарағанды қалаларына рейстер ашады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа халықаралық бағыттарды ашу жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Белавиа» әуе компаниясы Ақтау, Қарағанды қалаларына рейстер ашады

2019 жылғы желтоқсанда Акаба (Иордания) қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аясында ұйымдастырылатын әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы кезекті конференциясында (ICAN 2019) Комитет пен Беларусь Республикасының авиациялық биліктерімен қол жеткізілген уағдаластықтарына сәйкес, «Белавиа» әуе компаниясы Қазақстан қалаларына бірқатар рейстерді ашады.

Қазіргі уақытта әуе компания 2020 жылдың жазғы кезеңінде орындалатын Минск - Ақтау, Минск - Қарағанды, Минск - Павлодар және Минск - Қостанай рейстеріне әуе билеттерді сатуды бастады. 

Қазіргі уақытта «Белавиа» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жыл бойы рейстерді орындайды.

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Минск – Алматы бағытындағы рейстер күн сайын орындалатын болады.