Парламент • 10 Қаңтар, 2020

Ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларын субсидиялау мәселелері талқыланды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев Қостанай облысының Алтынсарин ауданында ауданның өндірістік ұжымдары мен ұйымдарында кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларын субсидиялау мәселелері талқыланды

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесуде ауыл шаруашылығының түрлі бағыттарын, атап айтқанда мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері талқыланды. Гербицидтерге арналған субсидияларды қайтару және Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараттық жүйелерінің жұмысы туралы мәселе қозғалды. Аудан активімен әңгіме барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу барысы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы талқыланды.

Ауданның педагогикалық ұжымдарында 2020-2025 жылға арналған білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы және «Педагог мәртебесі туралы» заң талқыланды.

Мұғалімдер қабылданған құжаттарға толық қолдау көрсетті. Ауылдық округ әкімдерімен кездесуде төртінші деңгейдегі бюджет жұмысы, сондай-ақ жаңа жүйе бойынша атаулы әлеуметтік көмек беру мәселелері талқыланды.

Әкімдер атаулы әлеуметтік көмекке үміткер отбасылардың қаржылық жағдайын зерттейтін учаскелік комиссиялардың құқықтарын арттыруды қолдады, сондай-ақ 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға заттай түрдегі әлеуметтік көмекті жеткізу мен беру туралы ұсыныстар айтылды.