Қазақстан • 10 Қаңтар, 2020

Алматы облысында 233 сот ісі медиация келісімімен қысқартылды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 11 айы аралығында Алматы облысының экономикалық соты 233 іс бойынша арызданған тараптарды татуластыруға қол жеткізді.

Алматы облысында 233 сот ісі медиация келісімімен қысқартылды

Еліміздің сот жүйесіндегі рефорлардың басты ұстанымы әділет іздеген адамдардың шағымын дер кезінде қарап, тиянақты шешім шығаруға бағытталып отыр. Әсіресе, сотқа арыз берген тараптарды іс қозғалғанға дейін татуластыруға жасалған қадам нәтижелі. Бұл – тұрғындардың уақыт мен қаржылық шығындарын да үнемдеуге әрі әділетті шешімге қол жеткізуге бастайтын ізгі ниет.

Осы үрдіске Алматы облысының экономикалық сотының төрешілері де үлес қосып отыр. Мәселен, өткен жылы 233 іс бойынша медиация келісімі жүзеге асса, оның ішінде 97 дау-дамай сотқа дейінгі 5 күн ішінде шешімін тауып, арызданған талаптардың екі жақты келісімімен аяқталған.