Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Алматы облысында қарулы қарақшылар құрықталды

763 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полициясы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында тонау мен қарақшылық шабуыл жасауды кәсіп қылған қарақшыларды қолға түсірді.

Алматы облысында қарулы қарақшылар құрықталды

Тәртіп сақшылары «Алматы – Қорғас» трассасының бойында «Фольксваген Гольф» автокөлігін тоқтатып, 3 күдіктіні тұтқындаған. Тексеру кезінде көліктен шолақ мылтық, пневматикалық пистолет және ірі көлемдегі есірткі заты табылды.

Алдын ала тергеу күдіктілердің Алматы қаласы маңындағы бірнеше ауданда үй тонау, қарақшылық шабуыл жасау ісі бойынша қылмыс жасағаны анықталған. 22-25 жас аралығындағы жас жігіттерден алынған қару-жарақ пен есірткі зерттеуге жіберілді.