Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Алматы облысында 45 141 ғаламтор қолданушысы күдікке ілінді

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің ғаламтор желісінде тиым салынған діни иделарды таратушылармен күрес «Kazdream Media» мониторинг жүйесі арқылы жүргізіледі.

Алматы облысында 45 141 ғаламтор қолданушысы күдікке ілінді

Арнайы жүйе бойынша интернет кеңістігін үздіксіз зерделеп, жалған діни ағымдарды насихаттаушылар мен ұстанушыларды дер кезінде танып, қатерлі аймақтарды да анықтауға болады екен. Мониторинг нәтижесінде Алматы облысынының аумағында дәстүрлі емес діни ағымдардың уағызын тыңдап, таратуға әрекет жасаған 45 141 ғаламтор қолданушы анықталған. Күдікті интенет тұтынушыларды ID мекенжайы тауып, тізімделгендермен түсіндіру жұмысын жүргізу үшін полиция мен аудан, қала әкімдіктеріне ұсыныс берілген екен.

Жыл бойы  ғаламторға жасалған зерделеу жұмыстары 2477 діни насихат көзін сараптаған. Оның ішінде әлеуметтік желідегі бірлестіктер, топтар, видеоканалдар, мессенджерлер және сайттарға жасалған зерттеуден кейін 564 насихат көзі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауіпті деп табылып, бұғатталған екен.